Үздік ашық сабақ - 2023 » "С.Бекбосынов атындағы орта мектебі"
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"С.Бекбосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72259) 93-3-31
Есепші бөлімі:
+7(72259) 93-3-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2023

Үздік ашық сабақ - 2023

«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ-сінде өтетін

«ҮЗДІК САБАҚ-2023»  байқауының ережесі.

Байқау мақсаттары:

  • Жанашыл мұғалімдерді анықтау және олардың жұмысын насихаттау, білім сапасын жетілдіре түсу, мұғалім тәжірибесін жинақтау және бөлісу;
  •  Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кәсіби дамуын насихаттау.
  • Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету.

Байқау міндеттері:

  • Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесу;
  • Білікті педагогтардың іс –тәжірибелерін тарату және насихаттау.
  • Жас ұстаздардың кәсіби шыңдалуына  бағыт-бағдар беру.

Өтетін уақыты: 06-18 ақпан 2023 жыл

Байқау  комиссиясының   мүшелері:

А.И.Жунусова - мектеп директоры

А.Е.Мусатова - оқу ісінің меңгерушісі

А.Н.Жанпеисова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

А.Қабдиқызы - педагог-психолог

А.Б.Қабиденов – АӘД пәні мұғалімі

Байқауға қойылатын талаптар:

  • Байқауға мектептегі пән бірлестіктерінің барлық мұғалімдері қатысуы тиіс.
  • Өтетін тақырып күнтізбе жоспарына сай болуы тиіс.
  • Сабақ жоспары 2 данадан дайындалуы қажет. 1 данасы комиссияға ұсылады. 
  • Талдау барысында сабақтың жоспарлы өтуі, сабақ жоспарының сапалы, жүйелі жазылуы назарға алынады. Сабақ өткен соң фотоотчеты өткізіледі.
  • Өтетін үлгі сабақтарға 3-4   мұғалім /сабағы жоқ/ қатысуға рұхсат беріледі.


ҚМЖ-ға қойылатын талаптар:

Сабақ мақсаттары

1.Сабақтың мақсаты оқу мақсаттарымен келісілген;                          

2.Сабақ мақсаттары пәннің ерекшелігіне бағытталған; 

3.Сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, құрастырылған.


Белсенді оқу әдістері

1.Әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталған; 

2.Әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді; 

3.Әдістер оқушыларды оқуға тартуға бағытталған.


Саралау әдістері

1.Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған; 

2.Саралаудың әр түрлі тәсілдері жоспарланған (тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау т.б.); 

3.Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды.


Критериалды бағалау : 

1.Бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді;                                          

2. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын қолданады. 

3.Бағалау критерийлері қолданылады.


Марапаттау:

  • Байқау комиссиясының шешімімен  Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орындар, номинациялар беріледі.
  • Марапаттау шарасы  өткізіледі. 
  • Жүлделі орын алған мұғалімдерге кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлықтар беріледі.

Ұйымдастырушылар: Әдістемелік кеңес пен кәсіподақ ұйымы.