Мектеп туралы мәліметтер » "С.Бекбосынов атындағы орта мектебі"
Абай облысы білім басқармасының
Абай ауданы білім бөлімінің
"С.Бекбосынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72259) 93-3-31
Есепші бөлімі:
+7(72259) 93-3-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2023

Мектеп туралы мәліметтер

Мектеп туралы мәліметтер

Аталған мәліметті ұсынған зейнеткер ұстаз, тарихшы Төлеген Сүлейменұлы Сүлейменов. Зейнеткер ұстаз қазір Семей қаласында тұрады.Сонымен қатар кейінгі жылдар бойынша толықтыру жүргізген ДТІЖО Жанпеисова А.Н.

Кеңес Одағының батыры «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ Абай ауданы Архат елді мекен округінде орналасқан.

Бекбосынов Серікқазы Рысханұлы 1925 жылы Орда тауының бөктеріндегі Шілікті Кезең деген жерде, Ұлы Абайдың сүйікті жары Әйгерімнің туған жері, атамекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданына аттанады. Ленинград майданында соғысқа қатысып, Свирь өзенінен өтудегі ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 21 шілдедегі жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағын алады. Ол соғыстан кейін Шемонайха ауданында ұзақ жылдар бойы қарапайым жылқышы болып қызмет атқарған. Сол кездегі Арқат орта мектебінің пионерлерімен хат алысып тұрған.Оның ерлігі ауыл жастарына патриоттық тәрбие беруде ерекше орын алады. Батыр 1977 жылы кенеттен қайтыс болған, марқұм Ұлан ауданы Тарғын ауылында жерленген, ұрпақтары бар. 

1990 жылы Арқат орта мектебіне батыр С.Бекбосынов есімі берілді. 

Бұл мектептің тарихы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан басталады. 1925-1927 жылдар аралығында Орда, Қопа, Арқат тауларының аймағында алғашқы бастауыш мектепте ашылып, Әлімбаев Кенжеғали, Молдыбаев Қасен, Саниязов Мұсағали, Елшібеков Ахмет, Шырахымбаев Әубәкір, Дүбірбаев Қордағали, Қасымжанов Сыдық, Мамырзахов Рақымжан, Рысжанов Мұса (Лиза мұғалімнің әкесі) сынды мұғалімдер ұстаздық етті.

1950 жылы КСРО бойынша ауыл шаруашылығын ірілендіру кезеңі басталды. Сол жылы Қопа, Жаңанұр (Арқат), Ұзынбұлақ (Орда) колхоздары біріктіріліп, Молотов атындағы колхоз болып қайта құрылды. Жоғарыдағы үш колхоз бірікке жылы Арқатта 7 жылдық мектеп ашылды. Ең алғашқы директоры болған адам – Сақалов Сыпатай. 

Арқат 7 жылдық мектебі 1962 жылы 8 жылдыққа айналды. Ал 1972 жылы 8 жылдыққа, арада бір-екі жыл көлемінде 10 жылдық мектеп болды. Ол 1990 жылы 11 жылдық болып қайта құрылды. Қазіргі мектеп ғимараты 1983 жылы 1 қыркүйекте 784 орындық типтік негіздегі екі қабатты жаңа мектеп пайдалануға берілді. 

1972 жылдан 1990 жылға дейін мектепті 1166 бала бітірген. 1991-1992 оқу жылында мектептегі оқушы саны 583-ке жетті. Жанында бюджеттік 120 балалық интернат жұмыс жасады. 1996-1997 жылдары мұғалімдер саны 55 болды. Оның 95 пайызы жоғары білімді мамандар еді.1950 жылдан 2007 жылға дейін мектепте жиыны 194 мұғалім еңбек еткен. 

Орта мектепке айналғаннан бері мектепті 45 оқушы, оның ішінде 10 оқушы – алтын медальға, 15 оқушы – күміс медалға, 11 оқушы-ерекше үлгідегі аттестатқа, 5 оқушы – Алтын белгіге, 4 оқушы – үздік аттестатқа тамамдады. Мектеп тарихында екі түлек – ғылым докторы. Олар: Бауыржан Өміржанұлы Жақып-ақын, филология ғылымдарының докторы, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті түлегі; Абылайхан Ақерке Абылайханқызы – биоорганикалық химия ғылымдарының докторы, ең алғашқы «Болашақ» стипендианттарының бірі, докторлық жұмысын Германиядағы Кемниц техникалық университетінде қорғады. Сонымен қатар Оралтай Мұратханұлы Жолымбаев – математика ғылымының кандидаты, Бейсенбекова Гүлназ Тұрлыбайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, ең алғашқы ғылыми жұмысын мұғалімі Орынғазы (Таппас) Желдібаевқа арнаған, Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – ақын, тарих ғылымдарының кандидаты, Сарин Ербол Айымғазыұлы – ұлттық музыка акдемиясының оқытушысы сынды азаматтар мектеп тарихында ерекше орын алары сөзсіз. 

Сонымен қатар мектеп тарихында шет елдерде білім алып, өз білімдерін жетілдіріп жатқан Мұхтарғалиева Айнұр Тоқтасынқызы (Англия), Бейбітханқызы Жұлдыз (Қытай-магистратура), Күмісханова Балауса Қуантайқызы (Ресей-магистратура), Құрманғалиев Серік Сиязбайұлы (Ресей), Тоқтарова Меруерт Нұркенқызы (Еуропа елдері-халықаралық аударма ісі), Құрманғалиев Дәулет Сиязбайұлы (Ресей)сынды түлектер ауыл мақтанышына айналып отыр. 

Арқат орта мектебі аудан, облыс көлемінде мақтаулы мектептердіңбірі болды. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен 1982, 1989, 1994 жылдары облыстық көлемде аудан аралық семинарлар өткізді. Соның ішінде 1982 жылғы өткен семинарға елімізге танымал ұстаз, орыс тілі пәні мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері Рафиха Бекенқызы Нұртазина қатысып, мектепте жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмысына үлкен баға берді.

Архат ауылын «Батырлар ауылы» деп атайды. Мектебіміздің мақтанышына айналған екі түлегі бар. Олар: Соша,циалистік Еңбек Ері Болат Бағдатов, Еңбек Даңқы Орденінің І,ІІ,ІІІ дәрежесінің иегері Қасымжанов Өртқали.

С.Бекбосынов атындағы орта мектебінде (бұрынғы Арқат орта мектебінде) ұлағатты ұстаздар еңбек етті. Олар: Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, мұғалімдердің Бүкілодақтық ІІІ съездінің делегаты аға пионер вожатый Асқарова Гауһар, Құрмет орденінің иегері Сүлейменов Төлеген, ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, методист-мұғалім төсбелгісі және Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Әзімжанова Түгелжан, ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, аға мұғалім Әзімжанова Рәш, «Аға мұғалімдер» Мұхтарғалиев Нұрпану, Айтимова Бақыт, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкерлері Қасымова Клара, Тұрсынғалиева Бақыт, Тұрсынғалиев Сауле, Жайсаңбаева Клара, Әйтімов Ерсайын, Ерденбеков Ғизат, Елеукенова Рымгүл, Қонысбаев Дос, Қуатбаев Төкен, Қойбасарова Төлеуғайша, Желдібаев Ақтайлақ, Тілеубай Байбұлан. 

Жас ұрпаққа ұлағатты тәрбие беруде ерекше көзге түскен ұстаздар есімі мәңгілікке ұрпақ есінде сақталары сөзсіз. Олар: Мырзақасымов Ғани, Жүнісов Ибрагим, Желдібаев Таппас, Мылтықбаев Тұрсынхан, Әділханов Теңдік, Сләмбекова Мазира, Рымжанов Ержан, Күмісханов Қуанышбек, Көкебаева Бәтіш, Бітербаева Хорлан, Рысжанова Лиза, Оразбекова Нұрбике, Омарбекова Ақан, Серғалиев Халел, Шағатаева Бибікен, Мақсұтова Рысқайша, Мұхтарова Шолпан, Тілекина Сапура, Ибраева Ғалия, Ынтықбекова Бақыт, Жұмаханова Үміткен, Қабденов Нұрлан, Жаңабаев Нұрқан, Оспанбаева Еркеш, Какенова Торғай, Жаңабаева Ардақ, Төлеуова Ардақ, Еребекова Сауле, Жүнісова Шолпан, Әкімбаева Майра. 

1950 жылы Арқат орта мектебінің негізін қалағаннан бастап жас ұрпаққа білім-тәрбие беруде, ауылдың мәдени, рухани дамып, өсуіне тікелей ат салысқан мектеп директорлары: Сақалов Сыпатай (1950-1951), Есентаев Қуантхан (1951-1952), Мұратханов Мұхаметхан (1952-1958), Әзімбаев Мұсабай (1958-1969), Жүнісов Ибрагим (1969-1974), Ерденбеков Ғизат (1974-1986), Қонысбаев Дос (1986-2003), Тілеубай Байбұлан (2003-2022). Оқу-тәрбие орынбасарлары (завучтар): Қуатбаев Төкен, Әйтімов Ерсайын, Жайсаңбаева Клара, Оразбекова Нұрбике, Сүлейменов Төлеген, Ақатев Совет.

Бүгінде мектепте 28 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде: педагог-зерттеуші – 4; педагог-сарапшы – 9; педагог-модератор -7;педагог-2;  бірінші санатты-1, санатсыз-4. Мектеп директоры Жунсова Айман Ибрагимқызы, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Жанпеисова Айжан Нығметқалиқызы, оқу ісінің меңгерушісі Мусатова Альбина Ерболовна.